25 ақпан 2021 16:19

NASA Марстың сапалы панорамасын жариялады

Фото: NASA

Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Perseverance марскезерінен алғашқы панорамасын жариялады. Панорама 142 суреттен құралған, - деп хабарлайды NASA

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Perseverance марскезерінен алғашқы панорамасын жариялады. Панорама 142 суреттен құралған, - деп хабарлайды NASA

Сурет 18 ақпанда марскезер қонғаннан кейін бірден жасалған, алайда ол Жерге дейін сапалы түрде жетуі үшін біраз уақыт қажет болған, артынша графикалық редакторда панорама жасалған. Суреттің түпнұсқасын мына жерден көруге болады.  

Реклама
Реклама

Панорама Mastcam-Z камерасының көмегімен жасалған, ол жылжымалы штативте орналасқан. Камера 360 градусқа айнала алады және аз уақыт аралығымен суретке түсіре алады. Ол заманауи смартфондардағы "панорама" функциясына ұқсас, бірақ Марстан түсірілген суреттерді қолмен жинауға тура келген. 

Маркезердің екі камерасымен салыстырғанда Mastcam-Z камерасында екі объектив бар. Біреуі жалпы көрініске жауап берсе, енді бірі жеке бөліктерді жақындатып түсіру үшін арналған. Дәл осындай функция көптеген смартфонда да болады. 

Айналмалы панорама үзіндісінен Езеро кратерінің шетін байқауға болады. 

Панорманы жақсы сападағы түрін Марсты зерттеуге арналған NASA бағдарламасының ресми сайтынан көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram