NASA жұлдыздың қара құрдымға кеткен сәтінің видеосын жариялады

Видеодан алынған кадр

NASA жұлдыздың қара құрдымға кеткен сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

NASA аэроғарыш агенттігі жұлдыздың сөнген сәті түсірілген видеоны өңдеді, одан көршілес галактиканың ортасында жұлдыздың қара құрдымға кеткенін көруге болады. Ғалымдар бұл құбылысты қысқа ғана роликпен берсе де, анимация өте әсерлі.

Айта кетейік, кадрлардан жұлдыздың қара құрдымға жақындап барып, бөлшектеніп кеткенін көруге болады. Ақырында телескопқа тіркелген мәліметтерден өзге жұлдыздан еш нәрсе қалмады. Бұл роликті Интернетте бір жарым миллионға жуық адам көріп, олардың басым бөлігі бұл құбылысқа таңғалды.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама