ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2020 | 09:17
Пандемиядан кейін қандай мамандыққа сұраныс жоғары болатыны анықталды
Алдағы 30 жылда бағдарламашы мамандығы еңбек нарығында сұранысы жоғары кәсіп болады. Бұл туралы "Яндекстің" ақпарат тарату бойынша директоры Григорий Бакунов "Газета.Ru" басылымына айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алдағы 30 жылда бағдарламашы мамандығы еңбек нарығында сұранысы жоғары кәсіп болады. Бұл туралы "Яндекстің" ақпарат тарату бойынша директоры Григорий Бакунов "Газета.Ru" басылымына айтып берді.
"Бұл мамандық күн сайын дамып келеді. Бұл мамандық - алдағы 20-30 жылда сұранысы жоғары мамандық болатыны сөзсіз. Оны болашақтың мамандығы деп атауға болады. Осы мамандық иелері адамзатты алға жетелейді", - дейді ол.
Маманның сөзінше, пандемия салдарынан жаппай қашықтан жұмыс істеуге көшу IT саласының дамуына ықпал еткен.
"Пандемия бағдарламашылар қашықтан жақсы жұмыс істейтінін көрсетті. Осыған байланысты қаладан тыс жерден не шағын қалашықтардан келетіндерде ірі компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндік ашылды. Бұған дейін ірі компаниялар тек үлкен қалаларда шоғырланатын. Қазір кез келген ауылды жерден ірі жобаларға қосылуға болады", - дейді Бакунов.
Бұған дейін сарапшылар пандемиядан кейін ІТ саласындағы мамандардың жалақысы өсетінін, себебі көптеген компания қашықтан жұмыс істеуге көшетінін болжаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также