Қазақстан мен Ресей орта санаттағы зымыран жасауды жоспарлады  

© РИА Новости

?аза?стан мен Ресей 17 тонна?а дейін ж?к к?тере алатын орта санатта?ы зымыран дайындауды дереу жоспарлады. Б?л туралы ресейлік вице-премьер Дмитрий Рогозин РФ  президенті Владимир Путинмен ?ткен жиналыстан со? м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстан мен Ресей 17 тоннаға дейін жүк көтере алатын орта санаттағы зымыран дайындауды дереу жоспарлады. Бұл туралы ресейлік вице-премьер Дмитрий Рогозин РФ  президенті Владимир Путинмен өткен жиналыстан соң мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жоба мақұлданды, осы мәселені бірнеше күннен соң Қазақстандағы әріптестерімен талқылайтын боламыз. Бұл Байқоңырды пайдалану мәселесі және "Бәйтерек" жобасы аясында Қазақстанмен бірлесе, Қазақстанның қаржылай қатысуымен дереу орта санаттағы зымыран жасауды жоспарлауға кірісеміз", - деді Рогозин.

Оның айтуынша, орта санаттағы зымыран 17 тонна жүк көтере алатындай болады және "Байқоңыр" старттық үстелі аясында орындалатын "Зенит" бұрынғы зымырандарының міндетін атқарады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама