ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2020 | 09:21
Сарапшы 5G технологияның адам ағзасына қалай әсер ететінін айтты
"СберЗдоровье" медициналық сервисінің директоры Владислав Мохамед Али "ПРАЙМ-ға" берген сұхбатында 5G технологияларының адам денсаулығына қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшының сөзінше, 5G желілері жалпы адам организміне әсер етпейді, себебі организм қоршаған ортадағы жаңа жағдайларға тез бейімделеді.
"Мынадай феномен бар, адамдар экрандалған кеңістікке орналастырылған кезде электромагниттік өріске орналасқаннан гөрі өзін нашар сезіне бастайды. Менің ойымша, бұл 5G технологиясына да қатысты болады, біз оған біраз уақыттан кейін үйренісіп кетеміз", - дейді Владислав Мохамед Али.
Сондай-ақ маман біздің планетамызға тән электромагниттік, күн радиациясы және басқа да өрістер барын ұмытпаған жөн екенін айтады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также