Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады - Айдын Айымбетов

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады - Айдын Айымбетов Айдын Айымбетов. © Tengrinews.kz

Та?ы бір ?аза?станды? ?арыш?а ?шады. Б?л туралы А?т?беде ?ш?ыш-?арышкер, "?аза?стан ?арыш Сапары" ?лтты? компаниясыны? вице-президенті Айдын Айымбетов айтты, - деп хабарлайды "Диапазон".

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады. Бұл туралы Ақтөбеде ұшқыш-ғарышкер, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов айтты, - деп хабарлайды "Диапазон".

Авиация генерал-майорының айтуынша, Қазақстан "Байқоңырда" "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінде Ресеймен бірге таза экологиялық отынмен зымырантасығыш салуды жоспарлап отыр. 

"Ресей қазір алты орынды кемені дайындап жатыр. Ғарышқа аттанатын экипаждың құрамында Қазақстан ғарышкері болады. Ғарышқа ұша алатын мамандар бізде көп", - деді Айдын Айымбетов.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Айдын Айымбетов "Союз-ТМА-18М" кемесімен ғарышқа 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ұшқан болатын. Ол ғарышта болған кезінде онда не болып жатқанның барлығының Twitter желісіндегі парақшасында жазып, тіпті суреттер мен видеолар жариялаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама