11 маусым 2019 15:01

Таразда жас өнертапқыштар республикалық сайысы өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© robotomsk.blogspot.com © robotomsk.blogspot.com

Таразда жас өнертапқыштар сайысқа түсіп жатыр. Оқушылар өз қолдарымен автокөліктер мен кемелердің, әуе көліктерінің шағын үлгілерін құрастырып, оларды ашық алаңда сыннан өткізуде. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен үздік деген 17 команда арнайы барды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Таразда жас өнертапқыштар сайысқа түсіп жатыр. Оқушылар өз қолдарымен автокөліктер мен кемелердің, әуе көліктерінің шағын үлгілерін құрастырып, оларды ашық алаңда сыннан өткізуде. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен үздік деген 17 команда арнайы барды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Республикалық шара техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық қабілеті жоғары жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

10-сынып оқушысы Әділхан Иманғалиев Қостанай өңірінен келген. Жасөспірім әскери және ұшқыр кеменің үлгісін құрастырып шығарған. Оған 6 ай уақытын сарп етіпті. Ерекшелігі - суда өте жоғары жылдамдықпен қозғалады. Орта есеппен сағатына 60 шақырымды еңсеруге қауқарлы. Ол жобасын көпшілік алдында сынақтан өткізді.

"Жылдам кемелерден басқа фигурный кемелер бар. Оның стендіне қарап бізге балл береді. Әр кедергілерді айналып өту. Және оған 8 минуттан беріледі. Сол 8 минут ішінде барынша көп айналым жасауымыз керек", - дейді оқушы.

Шара кезінде ондаған жоба таныстырылды. Жеткіншектер өздері ойлап тапқан модельдердің мүмкіндіктерін көрсетіп бақты. Кемелерін суға жіберіп, алдын ала әзірленген кедергілерден өткізді.

"Әр қатысушы жобасының өзіндік ерекшелегі бар. Баға беру кезінде сапасына, пішініне, тіпті бояуына дейін мән беріледі. Ең бастысы кеменің техникалық құжаттары болуы шарт. Суреттер, сызба нұсқаларының болуы міндетті. Одан кейін автордың кемені суда басқару шеберлігі де ескеріледі", - дейді бас төреші Қанат Әбдірашитов.

Жалпы жарыс авто, әуе, зымыран үлгілері сияқты 15 түрлі бағытта өтіп жатыр.

"Бұл біздің облысымызда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Маңыздылығы бірінші ден жастар жылы аясында өткізіліп отыр. Екіншіден балалардың техникалық өнертапқыштыққа қызығушылығын ояту болып табылады. Көптеген ірі жобалардың барлығы осы балалардан бастау алып жатады", - дейді облыстық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Саясат Есеев.

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың дәстүрлі жарысы екі күн бойы жалғасады. Жамбыл өңірінен 2 бірдей команда қатысып жатыр.

Айта кетейік, қазір аймақта оқушыларды инженерлерлікке баулитын 6-ы техникалық шығармашылық орталық жұмыс істеп тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети