Жаңа KazSat жерсерігіне шамамен 40 миллиард теңге жұмсалады

KazSat-2. © magenta-studio.ru

Жаңа KazSat жерсерігіне шамамен 40 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңа KazSat жерсерігіне шамамен 40 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз бүгінде жерсерігінің бейнесіне сәйкес келетін техникалық-экономикалық негіздеумен айналысып жатырмыз, содан кейін қажетті конкурстық шаралары басталады. ТЭН бойынша - шамамен 40 миллиард теңге. Бұл жер серігінің қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жер үсті жүйелерімен байланысты кететін шығындар", - деді Асқар Жұмағалиев.

Министр құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, кейін конкурс жарияланатынын, одан кейін бас мердігер анықталатынын айтты. 

Реклама
Реклама

2018 жылы 4 желтоқсанда Калифорниядағы ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран-тасығышында екі қазақстандық - микроспутник KazSTSat және наноспутник KazSciSat-1 құрылғылары ұшырылды және іске қосылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама