Жапонияда бес жылдан кейін туристерді өздігінен басқарылатын автомобильдер тасымалдайды

© Аvtoshark.ru

Жапонияда 2017 жылдан бастап өзі басқарылатын автомобильдер жүк тасымалдай бастайды. Ал 2020 жылы мұндай автомобильдер адамдарды тасымалдау мақсатында пайдаланылады, -  деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Бұл мақсатты жүзеге асыру жоспарын Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ жариялайды. 2016 жылдың жазында дрондарды пайдалану жүйесі бекітіледі. Ал 2017 жылы өзі басқарылатын аппараттар қолданыла бастайды.

Сонымен қатар, бұл уақытқа дейін заң базасы мен инфрақұрылым дайын болу керек. Себебі 2020 жылы жазғы Олимпиада ойындары кезінде өздігінен басқарылатын автомобильдер туристерді тасымалдап, басқа да қызметтер үшін пайдаланылады деп жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

Мамандардың пікірінше, спорт форумы кезінде өздігінен басқарылатын автомобильдер жол кептелісінен және жол-көлік оқиғасынан құтқарады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама