2030 жылға қарай қатерлі ісік ауруы 2 есеге артады

Сурет blogspot.com сайтынан алынған

"Әлем бойынша 2030 жылға қарай қатерлі ісік ауруынан қайтыс болатындар саны екі есеге артады" деп мәлімдейді Tengrinews.kz AFP ақпарат көзіне сілтеме жасапБіріккен Ұлттар ұйымы жанындағы Қатерлі ісік ауруын зерттейтін халықаралық агенттік мамандары жасаған баяндамада айтылған болжамдар көңіл көншітерлік емес. Ғалымдардың пайымдауынша, қатерлі ісік ауруынан көз жұматындар саны жыл сайын өсіп, 2030 жылға барып, жылына 13 миллион адамға жететін көрінеді.Зерттеу қортындылары өкпе қатерлі ісігі ауруынан қайтыс болатындар санының артып отырғанын көрсеткен. Мұндай жағдайдың қалыптасуына жер шарында адам санының өсуі және зиянды әдетке үйір жандардың қатарының күрт өсуі себеп болып отыр. Қоса кетер жайт, Қатерлі ісік ауруын зерттейтін халықаралық агенттік мамандары жасаған баяндаманы дайындауға 40 елдің ғалымдары атсалысқан.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама