08 желтоқсан 2019 | 18:16

Адам қартаюының үш кезеңі аталды

Камила Долаева Журналист
Tengrinews.kz

Ғалымдар адамның қартаюын үш кезеңге бөлді. Зерттеу нәтижесі Nature Medicine медициналық журналында жарияланған, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар адамның қартаюын үш кезеңге бөлді. Зерттеу нәтижесі Nature Medicine медициналық журналында жарияланған, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Қартаюдың бірінші кезеңі 34 жаста, екіншісі 60 жаста, үшіншісі 78 жаста басталады. "Бұл бөлініс белгілі бір жастағы адам ағзасында болатын қанның сұйық бөлігіндегі ақуыздардың қозғалуымен түсіндіріледі", - деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

Биыл қарашада сарапшылар терінің жас көрініп, серпімділігін сақтауға көмектесетін тағамдарды атаған. Мысалы, теріні жақсартуға қызанақ көмектеседі. Оның құрамындағы ликопин антиоксиданты, сондай-ақ, А және С витаминдері бет терісін жаңартады. Күнде қызанақ жеген адамның терісі 33 пайызға ультракүлгін сәулелерден қорғалады және қартаю процестері баяулайды.

Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, көк шай да пайдалы, ол теріге ғана емес, қан тамыр жүйесіне де жақсы әсер етеді. Ал қабыну процестерін жою үшін брокколи үздік өнім саналады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная