02 наурыз 2020 11:18

АҚШ-тың бас хирургі бетперденің коронавирустан қорғамайтынын айтты

© Тұрар Қазанғапов

АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамс бетперденің коронавирустан қорғамайтынын айтты. Бұл туралы дәрігер Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамс бетперденің коронавирустан қорғамайтынын айтты. Бұл туралы дәрігер Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бетперде сатып алуды қою керек! Олар коронавирус жұқтырған адамдардан қорғай алмайды. Ол медициналық қызметкерлердің өзін және олардың өзгелерді жұқтырмауы үшін керек", - деп жазды дәрігер.

Реклама
Реклама

"Әлемде жағдай қиын". Мамин коронавирусқа байланысты министрліктерге тапсырма берді

Дәрігер вирустан қорғанудың басты жолы күнделікті гигиена сақтау екенін айтады.

Еске салайық, мұның алдында коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланған еді.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram