09 маусым 2022 | 17:08

Әлемде гепатиттің 700-ден астам белгісіз жағдайы анықталды - ДДСҰ

Фото:elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем бойынша гепатиттің 700-ден астам белгісіз жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем бойынша гепатиттің 700-ден астам белгісіз жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымға сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус этиологиясы белгісіз гепатит әлемнің 34 елінде тіркелді, 700-ден астам балада анықталған.

"Қазіргі уақытта ДДСҰ 34 елден 700-ден астам ықтимал жағдай туралы ақпаратқа ие және тағы 112 жағдай тергеу сатысында тұр. Бұл балалардың кем дегенде 38-і бауыр трансплантациясын қажет етті, ал 10-ы қайтыс болды", - деді ұйым басшысы Женевада өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Гебрейесустың айтуынша, тексеру кезінде гепатиттің дамуын қоздыратын бес вирустың ешқайсы табылған жоқ. Оның айтуынша, ұйым "гепатиттің түсініксіз жағдайлары" туралы үнемі хабарлама алады, бірақ жақында бірқатар елдерде аурудың өсуі әдеттегі көрсеткіштен асып түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная