01 шілде 2022 09:16

Алма кімдерге қауіпті? Дәрігер жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: pixabay

Гастроэнтеролог Екатерина Есакова алма пайдалы болғанына қарамастан, ол кейбір адамдарға зиян болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гастроэнтеролог Екатерина Есакова алма пайдалы болғанына қарамастан, ол кейбір адамдарға зиян болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, қышқыл алма асқазан ауруы, гастрит, ойық жара ауруы бар адамдарға зиян. 

"Бұл жағдайда термиялық өңделген алманы, яғни қыздырып пісірілген немесе алма суфлесін жеуге болады. Алмада фруктозаның шамадан тыс көп болуы іштің ісінуіне алып келеді. Ал ол асқазан-ішек жолдарының функционалды бұзылыстары және тітіркенген ішек синдромы бар адамдарға зиян", - дейді дәрігер. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Есакова қант диабеті бар адамдарға тәтті алма жеуге болмайтынын айтты. 

"Жеке төзімсіздік және аллергиялық реакциялар туралы да ұмытпау керек. Алманың кейбір сорты, оның ішінде, импортталғанының да құрамында пестицид көп және сыртына жасанды балауыз жағылады", - дейді маман.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram