Алматы ауруханаларына тәулігіне 220 науқасқа дейін пневмониямен жатқызылады

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда тәулігіне 100-ден 220 науқасқа дейін пневмониямен ауруханаға жатқызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда тәулігіне 100-ден 220 науқасқа дейін пневмониямен ауруханаға жатқызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыда ЖРВИ және пневмония диагнозы қойылған науқастардың саны көбейді. Өсім мамыр айының екінші жартысынан бері байқалады. Тәулігіне 100-220 науқас пневмониямен түседі", - делінген басқарманың хабарламасында.

Ведомстводағылар өткен жылмен салыстырғанда пневмониядан қайтыс болғандардың көбейгенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Осы жылдың 6 айындағы өлім деңгейін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы көрсеткіш 5,3 пайызға өсті. Жалпы өлім себебіне келсек, қан айналым жүйесінің ауруларынан кейін тыныс алу органдарымен байланысты өлім екінші орында тұр. Бұл жалпы қайтыс болғандардың 17,2 пайызы", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауруханаға түскен науқастар саны 20 пайыз азайғаны белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама