Алматы облысында вирусқа қарсы дәрілер тегін таратылады

Фото:elements.envato.com

Алматы облысында 50 миллион теңгенің дәрісі тегін таратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Inalmaty-ға сілтеме жасап.

Алматы облысында 50 миллион теңгенің дәрісі тегін таратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Inalmaty-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов дәрілер сақталған көтерме қоймаларды аралаған кезде айтты.

"Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың бұйрығына сәйкес, жергілікті бюджеттен дәрілік заттарды сатып алу үшін қосымша 500 миллион теңге бөлінді. Бұдан бөлек 50 миллион теңгеге вирусқа қарсы препараттарды сатып алу жоспарланып отыр. Кейін олар қаупі жоғары топтағы азаматтарға тегін таратылады. Олар - егде жастағы адамдар, созылмалы ауруы бар тұрғындар және азаматтардың басқа да санаты", - деді Байжұманов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде дәрі тапшылығы болып, қазақстандықтар шағымданған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама