Алматыда дәрінің уақытылы жеткізбеу себебі айтылды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров аймаққа дәрілердің уақытылы жеткізбеу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров аймаққа дәрілердің уақытылы жеткізбеу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол барлық дерлік дәрімен бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" айналысатынын атап өтті.

"Осыған байланысты біз күнде жиналыс өткіземіз, қоймадағы қалдықтарды есептейміз, қаладан "СҚ-Фармацияға" түскен барлық өтінім қаралады. Дәрілердің уақытылы жеткізілмеуіне бірнеше объектив және субъектив себеп бар. Дәрілер шетелден әкелінетінін түсіну керек. Басқа елдермен логистикалық байланыс қиын болғандықтан, дәрілік препараттарды жеткізуде проблемалар болады. Осы факторды болдырмау үшін әкімдік стационарлар мен жекеменшік дәріханалар үшін тұрақты дәрі қорын құрды. Бізге Үндістан және басқа елдерден дәрілер әкелінді. Қазір тапшы болған дәрілер сатылымда бар", - деді ол.

Реклама
Реклама

Еске салайық, шілденің басында Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларында дәріханаларда ұзын-сонар кезек болып, бірқатар дәрі тапшы болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама