ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусым 2020 | 17:41
Алматыда коронавирусты анықтайтын бірнеше лаборатория істен шықты
Алматыда коронавирус анықтайтын лабораториялардың бірнешеуі істен шықты. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің лабораториялардың бірнешеуі түрлі себепке байланысты істен шықты. Осы аптада жөнделеді, қайтып жұмыс істейді. Сондай-ақ, Болат Өтемұратов қорының қалаға сыйлаған мобильді лабораториясы пайдалануға беріледі", - деді Камалжан Надыров "Алматы" телеарнасындағы онлайн-брифингте.
Басқарма басшысының айтуынша, лабораторияның істен шығуына тұрғындар шағымданып, шу шығарған. Енді ведомство жекеменшік бизнес өкілдерін тартып, жаңа лабораториялар ашуды қарастырып жатыр.
Еске салайық, алматылықтар коронавирусты анықтауға тест тапсыратын лабораторияның алдындағы ұзын-сонар кезекке шағымданды. Куәгерлердің айтуынша, кезекте жүзден астам адам тұр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также