16 тамыз 2018 13:33

Алматылық оқушылардың аурулары айтылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Турар Казангапов ©Турар Казангапов

Дәрігерлер оқушылардың ауру-сырқауына мониторинг жасады. Зерттеу нәтижесін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Айзат Молдағасымова баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2018 жылдың бірінші жартысында 19 121 балада соматикалық патология анықталды, бұл қаралғандардың 18,7 пайызы. Оқушылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш Бостандық (30,6 пайыз) және Медеу (31,9 пайыз) аудандарының оқушылары арасында тіркелдіү", - деп хабарлады ҚДСД басшысы. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, оқушылар арасында көру мүшесі патологиясы (6,4 пайыз), жүйке жүйесінің патологиясы (1,7 пайыз), тыныс алу органдары (0,7 пайыз), сколиоз (0,5 пайыз), асқазан-ішек жолдары патологиясы (0,4 пайыз) алдыңғы орында. 

Мұнымен қоса, 91,2 пайыз бала құрамында қанты бар газдалған сусындар ішеді. Оның 21 пайызы аптасына 2-4 рет ішеді екен. Ал 8,8 пайыз бала мұндай сусынды қабылдамайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети