Америкалық дәрігер жылап жатқан нәрестені тез жұбатудың әдісін анықтады

© Youtube.com/Robert Hamilton

Балалармен жұмыс істеуде 30 жылдық тәжірибесі бар америкалық педиатр Роберт Гамильтон (Robert C Hamilton) жылап жатқан нәрестені дереу жұбататын әдіс ойлап тапты. Ерекше тәсілімен ол YouTube видеохостингіндегі өзінің арнасында бөлісті.

Оның айтуынша, нәрестені тыныштандыру үшін оның қолдарын кеудесіне қою керек. Содан кейін баланы 45 градус бұрышпен ұстап, ары-бері тербеген жөн.

Реклама
Реклама

Дәрігер бұл әдісті үнемі қолданатынын және әрдайым нәтижелі екенін мәлімдеді. "Мұны нәрестенің жаңа туған кезінен бастап үш айға толғанға дейін қолданған жөн. Сонымен қатар, бұл әдісті шала туған балаларға да қолдануға болады, тек абай болу керек", - деді маман.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама