16 шілде 2022 | 11:51

Аптапта ыстық сусын ішудің қандай қауіпі бар?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Pixabay.com

Терапевт Анастасия Волкова аптапта ыстық сусындарды шамадан тыс тұтыну дегидратацияға әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Терапевт Анастасия Волкова аптапта ыстық сусындарды шамадан тыс тұтыну дегидратацияға әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.

Дәрігердің айтуынша, ыстық сусындар дене температурасын аз ғана уақытқа көтеріп, тез терлетеді, ал бұл тез салқындауға мүмкіндік береді. Ыстық сусындарды дұрыс тұтынбаса, салдары дегидратацияға әкеп соғуы мүмкін. Ашық дереккөз мәліметінше, дегидратация (сусыздану) - организмде су мен сұйықтықтың жеткілікті мөлшері болмауы.

"Жоғалған сұйықтық мөлшерінің орнын толтыру өте маңызды. Кейбір дәрігерлер дегидратациядан қорқып, аптапта ыстық сусындардан толық бас тартуды ұсынады. Сонымен қатар, олар құрамында алкалоид-кофеин болғандықтан, шай мен кофеден бас тартуға кеңес береді. Оның диуретикалық әсері бар, яғни зәр шығаруды жоғарылатады", - деп түсіндірді дәрігер.

Реклама
Реклама

Терапевт қандай кезде ыстық сусын ішуге болатынын айтты.

"Аптапта ылғалдылық деңгейі төмен болса немесе күн жел болса, киіміңіз тердің тиімді булануына мүмкіндік беретін жағдай болса ғана ыстық шай немесе кофе ішуге болады. Терлеп, ол тамшылап ағып жатса, онда суық сусын таңдаған жөн", - деп қорытындылады терапевт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная