22 маусым 2020 | 18:44

"Ауруханада орын жоқ". Ақтөбелік мамандар желіде шу шығарған видеоға қатысты пікір білдірді

Кадрдан скрин

Ақтөбе қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер әлеуметтік желілерде тараған "Темір жол" ауруханасының видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер әлеуметтік желілерде тараған "Темір жол" ауруханасының видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Ақтөбе қаласындағы ауруханада науқастарға орын жетпей, коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды қабылдамай жатқан видео тараған болатын.

Реклама
Реклама

"Темір жол" ауруханасы базасында ашылған 120 төсек орынға арналған провизорлық госпитальде жедел жәрдем қызметімен жеткізілген науқастарға шұғыл медициналық қызмет көрсетіледі. Эпидемиялогиялық қолайсыз жағдайға байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілетін науқастардың саны артқан.

Соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 4 науқас қайтыс болып, стационарға жатқызылған пациенттердің арасында өлім жағдай көрсеткіші 3 пайызды құрады. Қаза тапқан науқастардың төртеуінде де қосалқы аурулары (қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары) болған. Науқастардың өлім жағдайы бойынша зерделеу жөніндегі комиссия анықтау жұмыстарын жүргізеді", - деп түсіндірді ведомстводағылар жағдайды.

Мамандар қолайсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертті.

"Егер тұмау мен суық тию белгілері байқалса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Қосымша сұрақтарыңыз болса, 39-33-47 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады. Қала тұрғындарының назарына: карантин режимін сақтап және адамдар көп жиналған қоғамдық орындарға бармау қажеттігін ескертеміз", - деп хабарлады басқармадағылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ситуация с коронавирусом в стране ухудшается - в больницах нехватка мест ⠀ В Казахстане эпидемиологическая ситуация резко ухудшается, поэтому в некоторых городах и регионах на эти выходные ввели строгий карантин. ⠀ Казахстанцы начали снимать фото и видео с больниц, демонстрируя нехватку мест и отказы врачей принимать больных. Некоторые медучреждения настолько переполнены, что пациенты лежат в коридорах или их вовсе отправляют домой.

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz) 19 Июн 2020 в 9:34 PDT

Еске салайық, қазір Ақтөбе облысында пневмониямен ауырып қалғандар көбейген. Маусым айының басынан бері 700-ден асқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная