Ауырсынуды басатын танымал дәрінің қаупі анықталды

Фото: elements.envato.com

Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) мамандары парацетамолдың дозасын артық қабылдаудың салдарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express сайтына сілтеме жасап. 

Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) мамандары парацетамолдың дозасын артық қабылдаудың салдарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express сайтына сілтеме жасап. 

Олардың айтуынша, шамадан тыс қабылданған препараттың аз ғана дозасы жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.

"Жиі кездесетін симптом - жүрек айнуы. Бұл гепатотоксиндік дозаны қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пайда болады, бұл өз кезегінде бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, препаратты артық ішкеннен ұйқышылдық, сарғаю болып, іштің оң жақ жоғарғы бөлігі ауырсынуы мүмкін.

"Парацетамолды жапсырмадағы немесе қаптамасындағы нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз", - деп кеңес береді денсаулық сақтау органы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама