17 мамыр 2021 10:08

Балаларға аса қауіпті жеміс аталды

Иллюстрациялық фото: Pixabay.com

Өрік пен шабдалының дәнегі балаларға қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігердің айтуынша, өрік пен шабдалы дәнінде жеңіл қозғалатын улы сұйықтық - көгерткіш қышқыл бар.

"Балалық шақта өзіміз де бұл сүйектерді таспен ұрып жедік. Бірақ көгертетін қышқыл өлімге дейін уландыруы мүмкін. Жыл сайын жазда осыны жейтін балалар уланып қайтыс болады", - деді Мясников "Россия 1" телеарнасында.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде биолог, биология ғылымдарының кандидаты Екатерина Баранова балаларда шабдалыға аллергия жиі кездесетінін атап өтті.

"Көп адам шабдалы жеуге қорқады. Бірақ оларды пісірсеңіз немесе ақуызы көп сыртын аршып, ішін тазаласаңыз, онда аллергия шықпайды", - деп түсіндірді Баранова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram