27 қаңтар 2021 17:53

Бекшин COVID-19 жұқтырған науқастар вакцинаны қашан алуы керегін айтты

©REUTERS

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин CОVID-19 инфекциясын қайта жұқтырған науқастарға қашан екпе жасау керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин CОVID-19 инфекциясын қайта жұқтырған науқастарға қашан екпе жасау керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте Бекшиннен қазақстандық немесе ресейлік вакцинаның қайсын қабылдайтынын сұрады. Ол 2020 жылғы маусымда коронавируспен ауырғанын еске салды.

Реклама
Реклама

"Коронавирус жұқтырып ауырғаныма жеті ай болды. Көрсеткіштер бойынша алты айдан кейін вакцина қабылдай беруге болады. Ертең антидене көрсеткішін анықтауды жоспарлап отырмын. Егер төмен болса, міндетті түрде қазақстандық вакцинаны қабылдаймын", - деді Бекшин.

Алматы қаласының бас дәрігері Нариман Табынбаев вакцинациялаудың бірінші тобына кірмейтінін айтты. Өйткені 2020 жылдың тамызында коронавирус жұқтырған.

"Вакцинаны тестілеу кезінде ерікті болғым келген. Алдын ала талдау нәтижесі антидененің жоғары екенін көрсетті. Сондықтан вакцина салуға болмайтынын айтты. Менде антиденелер саны азайса, онда екінші және үшінші кезеңде міндетті түрде егілемін. Алғашқы вакцина "Спутник V" болса, мен оны қабылдауға дайынмын", - деді Табынбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңдері туралы № 4 қалалық емхананың дәрігерлері айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram