ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2021 | 15:22
Бекшин "Спутник V" ресейлік вакцинасын салдырды
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды. Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев вакцина алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин 21 күннен кейін қайта вакцинациялануы керек. Себебі вакцина қабылдау екі кезеңнен тұрады.
Айта кейік, бұған дейін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Қазақстанда өндірілген QazCovid-in немесе ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Жандарбек Бекшин иммунологтардан кеңес алатынын айтқан.
Айта кетейік, Бекшин жаздың ортасында коронавирус жұқтырған. Ауруы жеңіл түрде өткені хабарланған.
Еске салайық, Қазақстанның бас санитар дәрігері біріншілердің бірі болып 1 ақпанда таңертең коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасымен егілді. Сол күні қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также