Биологтар егде жастағы қауқарсыздықтың басты себебін анықтады

Иллюстрациялық сурет © Photo-day.ru

Швеция биологтары б?лшы? еттерді? ?артаюы тін жасушаларында мутацияны? жиналуынан болатынына к?з жеткізді. Каролин университетіні? мамандары б?л зерттеуді? ?орытындылары егде жаста?ы ?ау?арсызды?пен к?ресуге септігін тигізетініне сенімді, - деп хабарлайды MedicalXpress.

Швеция биологтары бұлшық еттердің қартаюы тін жасушаларында мутацияның жиналуынан болатынына көз жеткізді. Каролин университетінің мамандары бұл зерттеудің қорытындылары егде жастағы қауқарсыздықпен күресуге септігін тигізетініне сенімді, - деп хабарлайды MedicalXpress.

Ғалымдар 70 жасқа дейін бұлшық ет тінінің әрбір жасушасында мыңнан астам мутация жиналып қалатынын анықтаған.

ДНҚ-дағы ақаулықтар - жасушалардың бөлінуінің жанама әсері. Адамның жас шағында нуклеин қышқылдарын қалыпқа келтіру механизмдері болады. Оның үстіне жасушалардың қызметі мен аман қалуына маңызды хромосомалар ерекше қорғалады екен. Алайда жас келген сайын қорғаныс істен шығады. 

Реклама
Реклама

Зерттеушілер жаттығулардың патологиялық үдерісті қаншалықты тоқтата алатынын анықтауды жоспарлап отыр. Физикалық белсенділік бүлінген жасушаларды жойып, бұлшық еттердің жаңаруына септеседі деп есептеледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама