Бір бөлмелі пәтерде тұрудың қауіптері аталды

viewings icon 1681
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бір бөлмелі пәтерде тұрудың бірнеше қаупі бар екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Wday.Ru басылымына сілтеме жасап.

Бір бөлмелі пәтерде тұрудың бірнеше қаупі бар екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Wday.Ru басылымына сілтеме жасап.

Психолог Анна Гарштың айтуынша, тар үйде тұрған адамдар зауқы болмай, күйзеліске жиі ұшырайды.

Реклама
Реклама

"Жас кезінде пәтердің тар екеніне назар аудармайсың. "Ең бастысы енді өзімнің үйім бар" деп айтады. Адам белгілі бір жерге көшіп келген соң ол онда жиһаз, кітаптар және тағы басқа заттарды да орналыстыру қажет қой. Содан тар үйде адамның санасында белгілі бір қысымның жасалып жатқаны байқалады. Жеке кеңістіктің болмауы салдарынан адам қызба болып, ештеңеге зауқы болмай, күйзеліске ұшырайды", - дейді психолог. Сондай-ақ, үйдің тар болуы артық салмақ жинауға әсерін тигізетіні айтылады.

Маманның айтуынша, ең қызығы бір бөлмелі пәтерлерде тұратын балалардың психологиясы басқаша болады екен.

"Олар (балалар - автор.) кішкентай кездерінен-ақ жеке кеңістіктерінен айырылады. Осылайша, бір бөлмелі пәтерде өскен балаларға жеткілікті көңіл бөлінбейді және олар өзімен жасты балалармен де аса араласқысы келмей, оқу үлгерімі де жақсы болмайды", - дейді Гарш.

Осы ретте психолог бір бөлмелі пәтерде екі адамға ғана тұруға кеңес береді. 

Ал дәрігер-терапевт Анна Демьяненконың сөзіне сүйенсек, тар пәтерлерде таза ауа үнемі жеткіліксіз болып, адамның иммунитеті төмендейді. Дәрігер бір адамның тұратын аумағы 14 шаршы метр болуы керектігін айтады.

Tengrinews
Мөлдір Қалықова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная