ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2020 | 09:09
Бір тәулікте короновирус белгілері бар пневмониядан 18 адам қайтыс болды
Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 7 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 7 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы және 18 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 11008, 120 өлім жағдайы тіркелді", - делінген ведомствоның хабарламасында.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также