21 сәуір 2020 10:00

COVID-19-дан жазылған адамның ағзасында вирус қала ма?

© Тұрар Қазанғапов

Коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін аурудан толық жазылып шығуға болады, бірақ адам денесінде қалған вирусқа кейін не болатыны белгісіз. Бұл туралы ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Прокопенко айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавируспен қайтадан ауырып шыққандардың саны көп. Олардың қанындағы антиденелер жаңа науқастарға қолданыла бастайды. Владимир Прокопенко COVID-19 толығымен жазылып шыққан адамның денесінде қалатынын әлі зерттеу керек екенін айтты. 

Реклама
Реклама

"Адам вируспен қайтадан ауырып шығуы мүмкін және біз мұрын қуысынан сараптама алған кезде барлығы дұрыс екенін көрсетеді. Бірақ бұл жағдайда вирус мұрын қуысынан табылмағанымен, өкпеде, басқа да организмде қалуы мүмкін. Бұл шын мәнінде солай ма? Әзірше бұл сұраққа жауап бере алмаймыз. Бұл сұрақ бір жарым жылдай зерттеуді қажет етеді", - деп түсіндірді дәрігер. 

Прокопенконың айтуынша, адам жазылып шыққан күннің өзінде қалатын вирустар қауіпсіз болуы мүмкін. Сұхбат барысында ол коронавирус науқас толығымен жазылып кеткеннен кейін қайда кететінін анықтау қажет екенін айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram