ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 09:25
COVID-19-дан кейін біржола қалатын аурулар аталды
Коронавирустық инфекция созылмалы аурулардың өршуіне ғана емес, сонымен қатар кейіннен емделмейтін және мәңгі сақталатын аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы "Вечерняя Москва" порталына жұқпалы аурулар дәрігері Елена Мескина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирустық инфекция созылмалы аурулардың өршуіне ғана емес, сонымен қатар кейіннен емделмейтін және мәңгі сақталатын аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы "Вечерняя Москва" порталына жұқпалы аурулар дәрігері Елена Мескина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, кейінгі зертханалық зерттеулерге сәйкес, SARS-CoV-2-ге шалдыққан 100 адамның 15 пайызында бірінші және екінші типтегі қант диабетінің дамуы постковидтен кейінгі негізгі салдардың бірі болып анықталды.
"Бұл жерде таңдалған 15 адамның екі пайызында қант диабеті коронавирусқа байланысты дами бастағанын ескеру қажет. Яғни, олардың денесінде қоздырғыш болған, КВИ тек оның алғашқы көрінісіне серпін берді. Ал қалған 13 пайызында ол алғаш рет пайда болды, нақтысын айтсақ, аурудан кейін тікелей және теріс салдары ретінде дебют жасады", - деп түсіндірді маман.
Оның айтуынша, коронавирусты жұқтырғандардың арасында өкпе фиброзы да анықталған.
"COVID-19 штамға байланысты фиброзға өтетін пневмонияны тудыратыны белгілі. Нәтижесінде өкпе тіндері өсіп, тыртықтармен жабыла бастайды. Қалпына келтіру кезеңінде зардап шеккен аймақтар толығымен өтелмейді және өкпенің көптеген аймақтарында тыртықтар мәңгі қалады", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, Мескина кейбір науқастарда қалқанша безінің зақымдануы пайда болуы мүмкін екенін жасырмады. Бұл созылмалы кезеңге тез өту қаупін тудырады.
"Зерттеу барысында жеке науқастарда қалқанша безінің қабынуы, яғни тиреоидит дамитыны дәлелденді. Егер қалыпты жағдайда үш айлық терапия жеткілікті болса, онда коронавирус тудырған тиреоидит мәңгіге қалады және мойын аймағында ыңғайсыздық тудырады, жұтылуды қиындатады, диффузды өзгерістерге әкеледі, сондай-ақ, бездің қызметін бұзады", - деді ол.
Сөз соңында дәрігер инфаркт және инсульт туралы да айтып берді.
"Өкінішке қарай, коронавирус жүрекке соққы береді, бұл инфаркт пен жүрек бұлшықетінің қабынуына әкеледі, оны миокардит деп те атайды", - деді Мескина.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также