COVID-19-дың шығу тегіне қатысты тергеу тоқтады - ДДСҰ

© pixabay.com

Әлемдік COVID-19 пандемиясына әкелген SARS-Cov-2 коронавирусының шығу тегіне тергеу тоқтады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru порталына сілтеме жасап. 

Әлемдік COVID-19 пандемиясына әкелген SARS-Cov-2 коронавирусының шығу тегіне тергеу тоқтады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru порталына сілтеме жасап. 

ДДСҰ мамандары коронавирустың зертханадан емес, табиғи жолмен шыққанына сенімді, олар осы нұсқаға назар аударуға шақырды. Сонымен қатар, мамандардың пікірінше, зерттеу мүмкіндіктері азайып барады: 2019 жылдың желтоқсанына дейін вирус жұқтырған адамдарда SARS-Cov-2-ге антиденелері біртіндеп жоғалып жатыр. Ал коронавирус жануарлардан адамға таралуы мүмкін фермалар жойылған болуы керек.

Бұған дейін АҚШ-тың барлау қызметі Америка президенті Джо Байденге COVID-19-дың шығу тегі туралы нақты қорытынды бере алмаған еді. Баяндамада инфекцияның қалай пайда болғаны туралы бірыңғай тұжырым жоқ. Бастапқыда зерттеу "COVID-19 зертханадан тарады ма әлде жануардан жұқты ма?" деген сұраққа жауап беруі керек еді. Алайда баяндама авторлары нақты қорытынды жасай алмады.

Реклама
Реклама

Биыл наурызда ДДСҰ мен Қытай жүргізген коронавирустың пайда болуы туралы тергеуде вирустың адамға жарқанаттан басқа жануар арқылы жұғуы мүмкін екені айтылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная