25 наурыз 2021 | 11:02

COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға болмайтын ауру түрлері аталды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Гамалеи орталығының директоры Александр Гинцбург қандай жағдайда коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astrakhan-24 басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гамалеи орталығының директоры Александр Гинцбург қандай жағдайда коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astrakhan-24 басылымына сілтеме жасап.

Вирусологтың айтуынша, аллергияның ауыр түрлерінде вакцинацияға қарсы көрсеткіш болуы мүмкін. Мысалы, Квинке ісінуі.

Сондай-ақ, Гинцбург инфекциядан кейін антиденелер жеткілікті деңгейде болмаса ғана вакцинациялау қажет екенін айтты.

Реклама
Реклама

Орталық директоры қазіргі уақытта онкологиялық ауыруларға "Спутник V" вакцинасын клиникалық сынақтан өткізу басталғанын мәлімдеді. Вирусологтың айтуынша, вакцинацияға қарсы көрсеткіші бар онкологиялық аурулар жоқ. Тек химиотерапия және дәрі-дәрмек қабылдайтын жағдайлар ескерілмейді. Себебі ол кезеңде жасушалар көбеймейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Роспотребнадзор "Спутник V" вакцинасын қайта егуге болмайтынын хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, вакцинация екі жыл уақыттан кейін де артық болуы мүмкін. Өйткені адам қанында антидененің жеткілікті деңгейі сақталады деген болжам бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная