COVID-19 жұқтырғанда ішуге болмайтын дәрі аталды

© Тұрар Қазанғапов

Цинциннати америкалық балалар ауруханасының медициналық ғылымдар докторы Джошуа Шаффцин COVID-19 жұқтырғанда ішуге болмайтын дәріні атады. Бұл туралы Yahoo life порталында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Біріншіден, дәрігер құрамында лоперамид бар диареяға қарсы препараттарды қолдануға болмайтынын айтады. Дәрігердің сөзінше, мұндай медикаменттер асқазан жұмысын бәсеңдетеді, ол организмнің бактериялар мен асқынулардан тазалануына жол бермейді. Дәрігер суды көбірек ішіп, табиғи процеске кедергі жасамау керегін айтты.   

Екіншіден, ингаляторларды қолданбау керек. Дәрігер астма жоқ жағдайда оны жиі қолданбауды ұсынды, себебі жүрекке зиян. Маман құрамында фенилафрин бар кез келген дәрі жүрекке зиян екенін айтады. Белсенді ингредиент мұрынға арналған көптеген спрейдің құрамында болады. 

Реклама
Реклама

Дәрігердің сөзінше, ол әсіресе қан қысымы жоғары адамдарға зиян. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама