09 сәуір 2020 09:30

COVID-19 белгілері байқалмаған науқастардың өкпесі қалай зақымданатыны айтылды

Фото:elements.envato.com

Компьютерлік томография COVID-19 белгілері байқалмаған науқастардың өкпесі қалай зақымданатынын көрсетті, - деп хабарлайды "Известия"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Компьютерлік томография COVID-19 белгілері байқалмаған науқастардың өкпесі қалай зақымданатынын көрсетті, - деп хабарлайды "Известия"

Жапониялық ғалымдар Diamond Princess круиз лайнерінде коронавирус жұқтырған 104 адамның 76-сына зерттеу жүргізген. 41 адамның өкпесінде өзгерістер байқалған. Яғни ол 41 адамның барлығында вирустың белгілері болмаған.

Реклама
Реклама

Ғалымдар коронавирустың өкпені қалай зақымдайтынын көрсетті

Сарапшылардың қорытындысына сүйенсек, COVID-19-дың белгілері білінбеген науқастардың да вирус белгілері айқын байқалған науқастардағыдай өкпесі зақымданған.

"Бастапқыда коронавирустың белгілері байқалмайды. Бірақ кейін ол бірден өкпені зақымдайды. Артынша асқынады да тыныс алуға кедергі келтіреді. (...)", - деген еді осыған дейін америкалық дәрігерлер.

Айта кетейік, 6 сәуірде АҚШ мамандары коронавирус белгілері байқалмаған науқастардың санын атаған еді. Олардың айтуынша, науқастардың 25-50 пайызында вирус белгілері байқалмайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram