09 шілде 2021 | 10:49

Далай Лама адамға қанша уақыт ұйқы керегін айтты

©REUTERS

110-113 жыл өмір сүруге уәде берген XIV Далай Лама денсаулығы үшін күніне қанша сағат ұйықтау керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

110-113 жыл өмір сүруге уәде берген XIV Далай Лама денсаулығы үшін күніне қанша сағат ұйықтау керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Біз санамыз ашуланса, түрлі жағдайға алаңдаса, бұл физикалық жағдайымызға да әсер ететінін түсінуіміз керек. Мысалы, қан қысымы көтерілсе, тыныш ұйықтай алмаймыз және т.б. Сабырлы ақыл - дененің саулығының негізгі факторы. Өзім туралы айтатын болсам, ойым тыныш болғандықтан, әр түнде өте тыныш тоғыз сағат ұйықтаймын. Мұндай ұйқының маңызы зор", - деді Далай Лама үнді дәрігерлерімен онлайн-кездесу кезінде. Оның бейнежазбасын "Сохраним Тибет" қоры жариялады.

Бұған дейін 6 шілдеде 86 жасқа толған Далай Лама достық қарым-қатынас пен көп адамның тілегі арқасында 110-113 жылға дейін өмір сүргісі келетінін айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Әлемге әйгілі буддистердің рухани жетекшісі күніне 4-5 сағат ұйықтайтынын және одан да көп нәрсені қалайтынын айтқанын есіне алды.

"Тіпті саясаткерлер мен кәсіпкерлер үшін жеткілікті, күшті және тыныш ұйқы қажет. Бұл ақыл-ой мен дененің барлық элементінің жұмысына оң әсер етеді", - дейді Далай Лама.

Ол күн сайын 9 сағаттық ұйқыдан кейін бірнеше сағатын медитацияға арнайды. 

Оның айтуынша, ақыл-ой мен физикалық денсаулық үшін өте қажет "ақыл-ойдың тыныштығы", ең алдымен, карунаны (жанашырлықты) дамыту және ахимсаның (зорлық-зомбылықсыз) бірдей маңызды қағидатын сақтау арқылы жүзеге асырылады. 

XIV Далай Лама (Лхамо Дхондруб, кейіннен Тензин Гяцо) 1935 жылы 6 шілдеде Тибеттің солтүстік-шығысындағы Такцер ауылында дүниеге келген. 1937 жылы ол өзінің бұрынғы XIII Далай Лама реинкарнациясы ретінде танылды және 1940 жылы таққа отырды. Тибетті Қытайға қосқаннан кейін, XIV Далай Лама 1959 жылы Үндістанға қашып кетті. Оның резиденциясы Химачал-Прадештің солтүстігіндегі Дхарамсала қаласында, Гималай тау бөктерінде орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная