14 ақпан 2020 13:24

Дәрігер ерте шыққан көктемнің кімдерге қауіпті екенін айтты

Кардиолог Юрий Конев "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында ерте шыққан көктемнің кімдерге қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кардиолог Юрий Конев "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында ерте шыққан көктемнің кімдерге қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, ауа райы бірден өзгерген кезде, яғни суып кетсе, немесе жылып кетсе жүрек-қан тамырлары және созылмалы ауруларға шалдыққандардың иммунитеті әлсірейді. Сондай-ақ, егде жастағы кісілерде ауруларға шалдығу қаупі жоғары дейді.

Реклама
Реклама

Кардиолог атмосфералық қысым ауытқыған кезде осы санаттағы адамдардың басы жиі ауыратынын ескертеді.

Сол үшін, дәрігердің айтуынша, ағзаны дайындау қажет. Дұрыс тамақтанып, спортпен айналысып, дәрумендер қабылдау керек дейді. Дәрігер алкоголь мен темекіден бас тартуға кеңес береді.
 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram