Дәрігер қант диабеті бар науқастарды вакцинациялау туралы сұраққа жауап берді

Фото ©REUTERS

University Medical Center (UMС) клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель қант диабеті бар науқастарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, гестациялық қант диабетінде (жүкті әйелдегі қант диабеті) қарсы көрсеткіштер болады. Олар - бала емізу, жүктілік. Ауыр диагноз (коронавирусқа қарағанда) қойылған науқастардың өзі вакцинациялаудан өтеді. Онда өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, қант диабеті де кіреді. Ресей Федерациясы мұнай науқастар да вакцинацияға қатысады деп шешім қабылдады.

Дәл қазір созылмалы ауруы бар науқастарды вакцинациялауда қандай шешім қабылданатынына жауап бере алмаймын. Бірақ қант диабетінің өзі гестациялық диабеттен (жүкті әйелдерде) басқасы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып саналмайды", - деп жауап берді Елена Ковзель ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, бұған дейін журналистер қазақстандық дәрігерлерден қант диабетімен ауыратын науқастарды вакцинациялау туралы пікірін сұраған еді. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама