ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2020 | 22:19
Дәрігер Комаровский Қытайда тараған індет туралы айтып берді
Белгілі украиналық педиатр, жазушы Евгений Комаровский Instagram желісіндегі парақшасында Қытайда тараған індет туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Белгілі украиналық педиатр, жазушы Евгений Комаровский Instagram желісіндегі парақшасында Қытайда тараған індет туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комаровскийдың айтуынша, коронавирус - адамда да, басқа да сүтқоректі жануарларда кеңінен таралатын вирус.
"Ухань қаласын көбі кішкентай қалашық деп ойлайды. Негізі Ухань - Қытайдың ең ірі қаласы. Шамамен 11 миллион адам тұрады. Әуежайы жылына 21-22 миллион жолаушыны қабылдайды. Қалада 10 шақты ұлттық университет бар. Індет алдымен Ухань қаласының балық базарынан анықталған. Балық базары деп аталғанымен ол жерде балық өнімдері өте аз. Есесіне басқа өнім өте көп. Ол базарда саудагерлер мысық, ит, жарқанат, кептірілген қасқырларды, қысқасы әртүрлі сүтқоректі жануарларды сатады.
Сөйтіп вирус балықтан емес, басқа бір сүтқоректіден анықталған. Айта кететін жайт, құс тұмауы адамға жұғуы мүмкін, ал адамнан адамға берілмейді. Бұл жағдайда құспен тікелей байланыс орнатқан адам ғана ауруды жұқтырып алуы мүмкін. Сондықтан ең қауіптісі - адамнан адамға берілген ауру. Яғни, бұл жағдайда да вирус адамнан адамға беріліп отыр", - дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, бұл - вирустың жаңа түрі болғандықтан ешбір адамда ол ауруға иммунитет жоқ.
"Демек кез келген адам ол вирусты жұқтырып алуы мүмкін. Екіншіден, бұл вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екені дәлелденді. Үшіншіден, бүгінде бұл аурудан бірнеше адам қайтыс болғаны анықталған. Одан бөлек, қытайлықтардың Жаңа жылы жақындап келеді. Ол дегеніміз - бұл мезгілде қытайлықтар шетелдерге саяхатқа шығады. Сондықтан вирустың әлем бойынша тарап кетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, қазір тұмау кезеңі. Бұл вирустың ерекше белгілері болмағандықтан, оны арнайы сынамасыз білу мүмкін емес", - дейді Комаровский.
Педиатрдың сөзінше, вирустың бұл түрі алғаш былтыр желтоқсанда анықталған. Ал 13 қаңтарда қытайлық зерттеушілер вирустың геномын анықтап, оны зерттегісі келетін адамдарға берген.
"Бір жақсысы - бүгінде ол аурудың қандай түрі екені белгілі және қажет диагнозды қоюға арналған дәрілерді белгілеуге, вакцина жасауға мүмкіндік бар. Бұл - өте маңызды жайт. Бұдан адамдарға не болады? Ештеңе. Ешкім ештеңе істей алмайды. Вирустың бұл түрі қарапайым тұмау сияқты емделеді. Бүгінде халықаралық қоғам ауру бастау алған жерді ауыздықтаумен айналысып жатыр. Бастысы - дүрлікпеу керек. Барлығы жақсы болады. Тек үрейленіп, қорқа берудің қажеті жоқ", - деді дәрігер.
Показать комментарии
Читайте также