25 қаңтар 2021 | 11:45

Дәрігер қорқор шегетіндерге қатерлі ісік қаупі туралы ескертті

Фото:elements.envato.com

Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников қорқор темекіге қарағанда зиян екенін айтты. Оның айтуынша, көп адам қорқорды темекі шегудің қауіпсіз әдісі деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников қорқор темекіге қарағанда зиян екенін айтты. Оның айтуынша, көп адам қорқорды темекі шегудің қауіпсіз әдісі деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Шындығында, адам денсаулығына қорқордың бір жұтымынан бір жарым қорап темекі шеккенмен тең зиян келеді", - деп түсіндірді Мясников.

Реклама
Реклама

Дәрігер ұсақ түтін бөлшектерін жұту өкпе қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін айтты.

"Біз жанған микробөлшектерді түтінмен бірге жұтамыз. Одан өкпеде шағын күйіктер пайда болады. Ол кейіннен өкпе қатерлі ісігін тудыруы мүмкін", - деді ол.

Оның айтуынша, темекі шегудің қауіпсіз түрі жоқ, бұл түтік пен темекіге де қатысты. Дәрігер олар ауыз қуысының қатерлі ісігін өршітетінін айтты.

Айта кетейік, 2020 жылдың тамызында Қазақстанда темекі шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді. Қазір жабық аялдамаларда, ойын алаңдарында, метро және жерасты өткелдерінде темекі шегуге болмайды. Сондай-ақ, электронды темекі, қорқор және темекі өнімдерінің барлық түрін қолдануға болмайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная