ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 тамыз 2020 09:31
Дәрігер коронавирус жұқтырған адам қалай жөтелетінін айтты
Мәскеудегі Коммунарка ауылындағы аурухананың бас дәрігері Денис Проценко коронавирус жұқтырған адам қалай жөтелетінін айтты, - деп хабарлайды "Российская газета".
Оның айтуынша, коронавирустан туындайтын жөтел ерекше. "Ауыр жөтел емес, үстірт. Сонымен қатар, тамақ жыбырлап қоймайды", - деп түсіндірді дәрігер.
Ол осы белгілер бойынша бірден диагноз қоюға болатынын айтты.
Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда жаңа COVID-19 коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялады. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде инфекция жұқтырған 17,3 миллионнан астам адам бар, 675 мыңнан аса адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу