ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2020 | 16:20
Дәрігер коронавирус жұқтырған жағдайда қалай тыныс алу керегін көрсетті
Э́ссекс дәрігері (Англия) Сарфараз Мунши коронавирус белгілері байқалған жағдайда қалай тыныс алу керегін көрсетті , - деп хабарлайды Express.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Э́ссекс дәрігері (Англия) Сарфараз Мунши коронавирус белгілері байқалған жағдайда қалай тыныс алу керегін көрсетті , - деп хабарлайды Express.
Дәрігер бес рет терең дем алуға кеңес береді. Ал алтыншы рет тыныс аларда ауызды ашып, қатты жөтелу керек дейді. Бұл жаттығуды екі рет қайталау қажет. Сосын алдына жастық қойып жату қажет. Осы қалыпта шамамен 10 минуттай жатып, әдеттегіден де терең тыныс алу керек.
"Өтінемін, есте сақтаңыздар! Егер де сіздер ұзақ уақыт бойы төсекте жата берсеңіз, сіздің тыныс алу жолдарыңыз жабылып қалады. Ондай қалыпта жатқанда өкпенің жұмысы қиындайтынын түсініңіз. Бұл екіжақты пневмонияға әкелуі мүмкін, салдарынан жағдайыңыз одан да нашарлайды", - дейді дәрігер видеода.
Айта кетейік, бұл видеоны 1,3 миллионнан аса адам көрген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также