06 қаңтар 2021 09:23

Дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

© Reuters

Ресейлік мамандар РБК басылымына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік мамандар РБК басылымына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцина салдыратын адамда ЖРВИ-дің ешқандай белгісі болмауы керек: мұрыннан су ағуы, жөтел, температура, әлсіздік. Сондай-ақ, вакцинациядан бір ай бұрын созылмалы аурулары асқынбауы керек", - дейді инфекционист Евгений Тимаков.

Реклама
Реклама

Вирусолог, профессор Александр Чепурнов та ЖРВИ иммунитеттің уақытша төмендеуіне әкеп соғатынын айтады, сондықтан вакцинациядан бір ай бұрын суық тиіп, ауырғандарға вакцина салдырмау керегін еске салады.

"Вакцинация алдында көп мөлшерде алкоголь ішпеу керек, ауыр тамақ пен фаст-фудтан бас тарту керек. Бұдан бөлек вакцинацияға психологиялық тұрғыдан да дайын болуы керек. Науқас қатты қобалжыса, оның қан қысымы көтеріліп, салдарынан вакцинадан соң басы айналып, есінен танып қалуы мүмкін", - деп ескертеді сарапшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram