04 желтоқсан 2020 09:17

Дәрігер коронавирустан емделген кезде қандай дәрілер қабылдамау керегін айтты

© Тұрар Қазанғапов

Ресейлік ревматолог Павел Евдокименко YouTube каналында коронавирусты емдеуде жиі кездесетін қателерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік ревматолог Павел Евдокименко YouTube каналында коронавирусты емдеуде жиі кездесетін қателерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігер коронавиурстан емделу кезінде көп дәрі-дәрмек қабылдамауға кеңес береді. Оның айтуынша, қазір көбі антибиотиктерді де, безгекке қарсы препараттарды қабылдай береді.

Реклама
Реклама

"Мен бастапқыдан-ақ емнің осындай тәсіліне қарсы болатынмын. Меніңше, осылай емделген науқастардың жағдайы одан әрі нашарлай түседі. Антибиотиктер тек бактериалды инфекция анықталған жағдайға ғана қабылдануы керек. Тағы да қайталап айтамын - бірден антибиотик ішіп бастаудың қажеті жоқ, әсіресе ол дәрігердің нұсқауынсыз қабылданса", - деді ресейлік дәрігер.  

Жиі кездесетін тағы бір қате, дәрігердің айтуынша, кортикостероидты гормондар, яғни дексаметазонды қабылдау. Маманның сөзіне сенсек, дексаметазонды тек стационарда және дәрігер бақылауында болғанда қабылдау қажет.

Сондай-ақ, Павел Евдокименко үй жағдайында өз бетінше емделмеуге кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram