25 тамыз 2020 | 17:45

Дәрігер коронавирустан қорқу денсаулыққа қалай әсер ететінін айтты

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстандық психиатр Николай Негай коронавирустан қорқу адамның иммунитетін әлсірететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық психиатр Николай Негай коронавирустан қорқу адамның иммунитетін әлсірететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елдегі COVID-19-ға байланысты жағдай қазақстандықтардың денсаулығына психологиялық тұрғыдан әсер еткен. Маманның пікірінше, пандемия адамдардың өмір салтын өзгерткен. 

Реклама
Реклама

"Қоғамда жағымсыз реакциялар байқалады. Жағдайды мойындамау, агрессия, күдіктену сияқты жағымсыз реакция болады деп болжанған еді. Ең маңызды проблема бұл реакциялар инфекцияның тарауына ықпал етіп, жүйкеге кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай.

Ол стресс пен қорқынышты қалай жеңуге болатынын айтты.

"Біріншіден, стресті басқарудың арнайы әдісін қолданған жөн (мысалы, релаксация). Екіншіден, психологиялық жағдайға қатысты сұрақтарға уақытында жауап алу қажет. Үшіншіден, бұл маманнан ақыл-кеңес алу. Қазіргі жағдайда ол онлайн кеңес болуы мүмкін", - дейді психиатр.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 104 902-ге жетті. 93 405 науқас айықты, 1 523 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная