ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қараша 2020 | 10:24
Дәрігер коронавирустың ең қауіпті таратушыларын атады
Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, пульмонолог Александр Карабиненко коронавирустың ең қауіпті таратушыларын атады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, пульмонолог Александр Карабиненко коронавирустың ең қауіпті таратушыларын атады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оның пікірінше, коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан соң жеке қорғаныс құралдарын қолданудан бас тартатын адамдар басқаларға үлкен қауіп төндіреді.
"Коронавирустан жазылған соң маскасыз жүрген адамдар басқаларды жұқтырмайды еген сөз емес. Олар коронавирусты еркін және кедергісіз таратады", - деді Карабиненко.
Дәрігер коронавирус жазылғаннан кейін де жоғарғы тыныс жолдарында қалатынын және осыған байланысты барлық адам бетперде тағуы керек екенін түсіндірді.
"Бетперде тақпайтын адамдар - коронавирустың белсенді таратушылары саналады. Бірінші кезекте бұл балалар және бір нәрсені дәлелдеу өте қиын жастар", - деп түйіндеді Карабиненко.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также