ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2020 | 09:42
Дәрігер Малышева "үрейленген" қазақстандықтардың сұрағына жауап берді
Первый каналдағы "Жить здорово!" бағдарламасының жүргізушісі Елена Малышеваның айтуынша, қазақстандықтар оған елдегі коронавирус жағдайына байланысты "сұрақ жаудырған". Дәрігер Instagram желісіндегі парақшасында үрейленген қазақстандықтарға жауап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Первый каналдағы "Жить здорово!" бағдарламасының жүргізушісі Елена Малышеваның айтуынша, қазақстандықтар оған елдегі коронавирус жағдайына байланысты "сұрақ жаудырған". Дәрігер Instagram желісіндегі парақшасында үрейленген қазақстандықтарға жауап берді.
Дәрігер Шымкент қаласындағы реабилитолог Айна Бакееваның коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұраған видеосын атап өтті.
Сондай-ақ, Малышева неліктен "екінші карантин" жарияланғанын түсінбейтінін мәлімдеді.
"Мен мұны түсінбеймін. Ешқандай түсініктеме жоқ. Қазақстанда неге былай болғанын айта алмаймын. Бірінші карантин медицинаға бір мақсатпен - дайындалу үшін берілді", - деді профессор.
"Қазақстанда жағдай нақты қалай екенін білмейміз. Интернетте дәрігерлердің жанайқайы толып жатыр. Бірақ дәрігерлер неліктен емдеу мүмкіндігін жоғалтып алды да, үкіметке үндеу жасап жатыр, түсінбеймін. Себебі алғашында емдеуге тиімді болған дәрілер, ең алдымен антикоагулянттар (қан ұюға қарсы дәрілер), емдеу мекемелерінде бар.
Қандай дәрілер емдемейді? Бұл - гидроксихлорохин, калетра, антибиотиктер. Бірден антибиотик жазып берудің мәні жоқ. Қазір дәрігерлер немен емдеп жатыр? Бірінші - антикоагулянттар. Екінші - іштегі қалып. Үшінші, ауру ауыр жағдайда өтіп жатса, науқастарды тоцилизумаба секілді препараттармен емдейді", - деді Малышева.
"Қазақстанда көптеген адам үрейленіп, дүрбелең салып жатыр. Науқастар "бізде бәрі сұмдық, компьютерлік томографияның өзі жоқ" деп жазды", - деді дәрігер қазақстандықтардың шағымдарын айтып.
Малышева жауап ретінде АҚШ-та ешқандай да томографиясыз емдеу туралы ресми шешім шығарылғанын айтты. "Кәдімгі рентген барлық сұрағыңызға жауап бере алады", - дейді тележүргізуші.
Сондай-ақ Малышева қазақстандықтар қандай дәрінің жоқтығына шағымданып жатқанын түсінбегенін атап өтті.
"Дәрігердің рецептінсіз алуға болатын дәрілердің керегі жоқ", - деді ресейлік дәрігер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Елена Малышева (@malysheva.live) 6 Июл 2020 в 10:17 PDT
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Для всех, кому нужно: аккаунт профессора Матскеплишвили: Simon_matskeplishvili
Публикация от Елена Малышева (@malysheva.live) 6 Июл 2020 в 11:10 PDT
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также