03 желтоқсан 2021 | 09:20

Дәрігер "омикрон" штамының басты симптомын атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото © Fotolia / WavebreakmediaMicro

Қатты шаршау, әлсіздік "омикрон" штамының негізгі белгілерінің бірі деп аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қатты шаршау, әлсіздік "омикрон" штамының негізгі белгілерінің бірі деп аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, бұған дейін Оңтүстік Африка дәрігерлері коронавирустың жаңа "омикрон" штамын жұқтырған кезде қатты шаршау және әлсіздік жиі байқалатыны туралы ескерткен. Ресейлік эндокринолог Зухра Павлованың айтуынша, бұл симптом әртүрлі ауруға тән. Оның үстіне, медициналық білімі жоқ адамға шаршау шамадан тыс жұмыс істегеннен немесе ауруға байланысты екенін анықтау қиын болуы мүмкін, деді ол.

"Өкінішке қарай, бұл симптомды қарапайым шаршаудан өз бетімізше ажырату мүмкін емес: екі жағдайда да адамдар бір дүниеге шағымданады. Дәрігердің өнері - науқасты тексеріп, сұрақтар қойып, бұл жай шаршау, күн сәулесінің болмауы немесе жинақталған физикалық шаршау емес, басталып келе жатқан немесе дамып келе жатқан аурудың белгілері екенін түсінуі керек", - деп түсіндірді Павлова.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, коронавирус көптеген ағза жұмысын елеулі бұзылуға әкеледі. Сондықтан науқастарда пайда болатын шаршау сезімі бірқатар себепке байланысты болуы мүмкін, деп жалғастырды дәрігер.

"Бұл иммундық жүйенің, мидың, жүйке жүйесінің тіндеріндегі елеулі өзгерістерге байланысты. Қанның қасиеттері айтарлықтай өзгереді, бұл көптеген органның қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатады, сондықтан біз физикалық әлсіздікті сезінеміз. Бұл бүкіл ағза қабынуға жақын болғандықтан сезіледі", - деді Павлова.

Оның пікірінше, қатты шаршау сияқты симптом пайда болған кезде коронавирус инфекциясына ПТР-тестін тапсырған дұрыс.

Коронавирус инфекциясының алдын алатын, тиімділігі дәлелденген бірден-бір жол - вакцинация, деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная