16 қазан 2022 | 16:19

Дәрігер өсімдік өнімдеріндегі ақуыздың пайдасы туралы айтып берді

еlements.envato.com

Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының Молекулярлық диагностика орталығының жетекші сарапшысы Маргарита Провоторова қай өсімдік өнімдерінде ақуыз көп екенін және оның ағзаға қандай әсер беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі doctorpiter.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының Молекулярлық диагностика орталығының жетекші сарапшысы Маргарита Провоторова қай өсімдік өнімдерінде ақуыз көп екенін және оның ағзаға қандай әсер беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі doctorpiter.ru басылымына сілтеме жасап.

Дәнді бұршақ дақылдары

Мысалы, бұршақ пен жасымықтың кез келген түрі, сондай-ақ, ноқат пен машбұршақ құрамында 15-24 грамм ақуыз бар. Ал тауық жұмыртқаларында небәрі 12-13 грамм ақуыз бар. 

Реклама
Реклама

Жержаңғақ майы

Жержаңғақтардa және жержаңғақ майында 25 граммға дейін ақуыз бар. Ең бастысы қантсыз, шоколадсыз және карамельсіз табиғи жержаңғақ майын таңдау керек. 

Киноа

Кейінгі кезде бұл өнім жиі қолданылады. Бұл өнімнің 100 граммында 14 грамм ақуыз бар. 

Тофу

Бұл соя өнімі дұрыс тамақтануға немесе кейде вегетариан асмәзіріне сәйкес келеді. Соя ірімшігінің құрамында шамамен 10 грамм ақуыз бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная