09 қазан 2022 09:45

Дәрігер парацетамолды жиі ішудің қаупін айтты

Фото: Тұрар Қазанғапов

Парацетамолдың ең жоғары тәуліктік дозасын асыру, яғни 4 грамнан көп ішу дәрілік гепатиттің дамуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы жоғары санатты ресейлік дәрігер Алексей Водовозов айтты, - деп хабарлайды URA.RU

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парацетамолдың ең жоғары тәуліктік дозасын асыру, яғни 4 грамнан көп ішу дәрілік гепатиттің дамуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы жоғары санатты ресейлік дәрігер Алексей Водовозов айтты, - деп хабарлайды URA.RU

Маман оқырмандарды препарат сироптар мен ұнтақтардың құрамына кіретінін ескере отырып, мөлшерлемені есептеуге шақырды.

"Нұсқаулықта максимал тәуліктік доза және қандай аралықта, яғни 4-6 сағаттан кейін ішу керегі көрсетілген. Бұл дегеніміз - төрт грамм, былай алып қарасақ күніне төрт таблетка ішуге болады. Бірақ көбі дозаны асырып жібереді, өйткені олар парацетамолдың үлесін санамайды. Оны санау керек, себебі ол ұнтақтарға, "Колдрекске", "Ринзаға" қосылады. Олардың құрамында парацетамол мөлшері 500 миллиграмға дейін болуы мүмкін. Егер сіз күнделікті төрт грамм мөлшерінен асып кетсеңіз, бауырыңызға зиян келеді, өйткені бізде барлық препарат сол жерде ыдырайды. Ал парацетамол - жалпы дәрілік гепатиттерден әлем чемпионы", - деп түсіндірді Алексей Водовозов.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, терапевт ыстық түсіретін дәрілер, атап айтқанда, парацетамол бірден әсер етпейтінін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram